Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға арналған емтихан тапсыру процедурасына маңызды өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Үкіметте өткен кеңесте бекітілген жаңа шараларға сәйкес, бұрынғы «үш талпыныс» шектеуі алып тасталад.

Жаңа ереже бойынша, азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде шексіз тапсыра алады. Тек әр талпыныс арасында кемінде 10 күндік үзіліс сақталуы тиіс. Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша азаматтарға үш тегін мүмкіндік беріліп, одан өтпеген жағдайда қайта оқуға мәжбүр болатын. Үкімет бұл қадам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, куәлікті заңсыз жолмен алу әрекеттерін тоқтатады деп есептейді.

жүргізуші Көлік Құжат Өзгеріс
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар