дүйсенбі, 21 сәуір, 2025

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 28)
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Биыл 73,5 млн тонна мұнай өндірілді. Мұнай өндіру 73,5 млн тоннаны құрады. Биыл 88,4 млн тонна мұнай өндіру ескерілген. Жоспармен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі Теңіз және Қашаған ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты. 2029 жылы қуаты жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу арқылы мұнай өндіруді 2 млн тоннаға арттыруды қамту қарастырылған. Ірі жобадағы мұнай өндіру республикадағы барлық мұнай өндірудің 70 пайызын құрайды, оған шамамен 17 млрд доллар инвестиция салынады. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниялары шығарындылардың автоматты мониторинг жүйесін орнатуға құлықсыздығын сынады. «2023 жылдан бастап 1 категориядағы 9 ірі мұнай компаниясы зияндаушы көздерге автоматтандырылған мониторинг жүйесін орналастыру қажет еді. Алайда, бүгінгі таңда тек 5 компания ондай жабдықты толық іске қосты. Екеуінде қосу жұмыстары жүріп жатыр, екеуі әлі іске қосқан жоқ. Атап айтсақ «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жанажол мұнайгаз өңдеу кешені», — деді ол. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
27-28 қарашада елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік күзет қызметі. Шетел мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында, 2024 жылы 27-28 қарашада елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) пакетіндегі аурулардың бір бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) ауыстырылады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мұны қыркүйекте Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткен болатын. Бұл не үшін қажет? Қаншалықты тиімді және қашан жүзеге асырылады. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Астананың екі тұрғыны есірткі құралдарын таратқаны үшін 8 және 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. АҚШ-тан есірткі және психотроптық заттарды халық тұтынатын тауарлары бар пошта сәлемдемелері түрінде аса ірі мөлшерде жеткізу фактісін әшкереледі. Мәселен, қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, тексеру жүргізу кезінде кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында жалпы салмағы шамамен 1 кг болатын «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді.