Азия ойындары: Қазақстандық спортшылар делегациялар шеруінде жүріп өтті
Қазақстан ұлттық құрамасы Ханчжоуда XIX жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде делегациялар шеруінде жүріп өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Азия Олимпиада кеңесі құрамындағы 45 елден 12 500-ден астам спортшы келеді деп күтілуде, бұл - рекорд.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысып, дүбірлі доданы ашық деп жариялайды.
Ашылу рәсімінде еліміздің атынан бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ту ұстап шықты.
Бокстан әлем және Азия чемпионы, жамбылдық Асланбек Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Ал Надежда 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген.
Қазақстан атынан Ханчжоуда 30 спорт түрінен 524 қазақстандық 262 ер, 262 әйел шығады.