Спорт15 ақпан 2024, 22:48

Елена Рыбакина Дохада АҚШ чемпионатында финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен ойнады.

Бұл қос теннисшінің өзара бірінші кездесуі еді.

Канадалық теннисші матчты қарқынды бастады – 4:1. Дегенмен бұдан кейін Рыбакина қатарынан бес геймді алды – 6:4.

Екінші сетте Елена есеп 3:2 болған мезетте брейк жасай алды. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бір сағат 34 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Л.Фернандес 1 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, 2021 жылғы Ролан Гаррос жарысының финалисі, ресейлік Анастасия Павлюченковамен таласады. Ол ширек финалда рейтингіде 63-сатыдағы америкалық Даниэль Коллинзден айласын асырды – 7:5, 6:4.

Қазақстандық спортшы сол Ролан Гарроста ширек финалда ресейлік теннисшіге 7:6 (7:2), 2:6, 7:9 есебімен есе жіберген еді.

 

Елена Рыбакина Доха Финал

Тақырыпқа жаңалықтар