Спорт30 сәуір 2024, 7:00

Елена Рыбакина Мадридте 18 жастағы теннисшіні жеңіп, ширек финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 136-орында тұрған чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кортта алғаш рет кездесті. Матч брейк алмасумен басталғанымен, Рыбакина ойынын тез түзеп, 4:1 есебімен алға шықты. Сетті жарты сағатта тағы бір брейкпен бітірді – 6:1, - деп хабарлайды Arbat.media.

Екінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Елена брейк жасағанымен, Бейлек сол бойда қарымта қайырды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Дегенмен қазақстандық спортшы тағы бір брейктен кейін үшінші матчболын мүлт жіберген жоқ – 6:3.

Бір сағат 16 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Бейлек 1 эйс, 2 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткина немесе рейтингіде 50-сатыдағы тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваның қай жеңгенімен таласады.

 

Елена Рыбакина Мадрид ширек финал Теннис
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар