Спорт22 маусым 2024, 1:05

EURO - 2024: Австрия Польшадан басым түсті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының сегізінші ойын күні, 21 маусымда D тобындағы Австрия Польшадан басым түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алғашқы турда екі құрама да жеңілістің ащы дәмін татты. Алдымен Польша Нидерландқа 1:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Австрия Францияға 0:1 есебімен есе жіберді.

Бүгінгі ойын барысында австриялық футболшылар жеңіске жетуге күш салды. Ойынның 9-минутында Гернот Траунер есеп ашты.

Оған польшалық құрама жылдам жауап қайыруға тырысты. Бұл мақсатына 30-минутта жете алды. Олардың қатарынан Кшиштоф Пёнтек қақпаны дәл көздеп, таразы басын теңестірген еді.

Ал екінші кезеңде австриялық футболшылар тағы екі гол соғып, кездесу тағдырын шешті. Олардың қатарынан Кристоф Баумгартнер 66-минутта басымдықты арттырса, Марко Арнаутович 78-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Австрия қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды.

Бұл топтағы Нидерланд және Франция кездесуі 00.00-ге белгіленген.

EURO - 2024 Австрия Польша 0:1

Тақырыпқа жаңалықтар