Спорт23 маусым 2024, 6:15

EURO - 2024: Бельгия алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында тоғызыншы ойын күнін Бельгия мен Румыния құрамалары түйіндеді. Алғашқы турда Бельгия ойламаған жерден Словакияға 0:1 есебімен есе жіберсе, Румыния Украинаны 3:0 есебімен ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Құрлықтық доданың басты фавориті саналған Бельгия бүгін жеңіске жетпеген жағдайда Еуропа чемпионатынан ертерек қоштасуға тура келетін еді. Осыны түсінген бельгиялық футболшылар бірден-ақ шабуылға көшті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Алғашқы шабуылдың өзінде олар қанжығасын майлап үлгерді. Ойынның 2-минутында бельгиялық Юри Тилеманс өз құрамасын алға шығарды.

Екінші кезеңде бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукаку 64-минутта гол соққан еді. Оны төреші офсайд болуына есепке алған жоқ. Оның алғашқы турдағы Словакяимен кездесуінде екі голы осындай себеппен саналмады.

Ал 80-минутта бельгиялық Кевин Де Брюйне басымдықты арттырды.

Кездесуде Бельгия құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.

Аталған топтағы төрт құраманың да еншісінде үш ұпайдан бар. Плей-офф сатысына шығатын құрамалар үшінші турда анықталады.

Айта кетсек, бұл топтағы тағы бір кездесуде 21 маусымда Украина Словакияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді 23 маусымда үшінші тур ойындары басталады. Бұл күні А тобында Швейцария мен Германия, Шотландия мен Венгрия құрамалары шеберлік байқасады.

 

EURO - 2024 Бельгия Румыния 3:0

Тақырыпқа жаңалықтар