Спорт24 шілде 2024, 11:23

Олимпиадада ел қоржынына ең алғашқы жүлдені кімдер салды

Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 3 күн қалды. Осыған орай тәуелсіз Қазақстан тарихында Жазғы Олимпиада ойындарында ел қоржынына ең алғашқы болып жүлде сыйлаған спортшыларымызды еске салсақ, - деп хабарлайды Arbat.media.

1996 жылы Қазақстан спортшылары алғаш рет Атлантадағы ХХVІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Содан бері қарай ұлттық құрама жеті рет байрақты бәсекеде бақ сынады.

Ал енді санаулы күндерден кейін алауы тұтанатын Париж Олимпиадасы — Қазақстан тарихындағы 8-ші Жазғы Олимпиада болмақ.

Әр Олимпиада ойындарында ең бірінші болып жүлде алған спортшыларымыз:

Атланта Олимпиадасы (1996)

Бұл ойындарда ел қоржынына ең алғашқы жүлдені грек-рим күресінен Юрий Мельниченко сыйлады. Ол бірден чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Сидней Олимпиадасы (2000)

Сиднейде бірінші жүлдені велоспортшы Александр Винокуров жеңіп алды. Ол бұл төртжылдық додада күміс жүлдеге қол жеткізді.

Афина Олимпиадасы (2004)

Афинада алғашқы жүлдені ауыр атлетикадан Сергей Филимонов жеңіп алды. Ол өз салмағында күміс жүлдегер атанды.

Бейжің Олимпиадасы (2008)

Бейжіңде алғашқы жүлдені грек-рим күресінен Нұрбақыт Теңізбаев жеңіп алды.

Лондон Олимпиадасы (2012)

Лондонда алғашқы алтын жүлдені жарыстың бірінші күні тағы да белгілі велоспоршымыз Александр Винокуров жеңіп алып, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлаған еді.

Рио Олимпиадасы (2016)

Риода алғашқы жүлдені дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг жеңіп алды. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегер атанды.

Токио Олимпиадасы (2021)

Ал соңғы Токио ойындарында ел қоржынына алғашқы жүлдені дзюдошы Елдос Сметов сыйлады. Ол Токиода қола медальға қол жеткізді.

Париж Олимпиадасында алғашқы жүлдеге 27 шілдеде дзюдодан Абиба Әбужақынова (48 кг) мен Елдос Сметов (60 кг) таласады.

Олимпиада жүлдегерлер чемпиондар Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар