«Қайрат» матчы кезінде БАҚ трибунасына жанкүйерлер кіріп кетті
«Қайрат» матчы кезінде БАҚ трибунасына жанкүйерлер кіріп кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматыдағы «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матч алдында БАҚ өкілдерінің стадионға кіруінде үлкен қиындықтар туған. Бұған себеп – жалған аккредитациялар.
«Кейбір жергілікті жанкүйерлер баспасөзге арналған рұқсат қағаздарын «көбейткен», «Қайрат» мұны байқамаған. Шрифт ресми аккредитацияға сәйкес келмейтіні белгілі болғанша тым кеш болып, баспасөзге арналған трибуна журналистикаға қатысы жоқ адамдарға толып кетті», - деп жазады басылым.
Сонымен қатар Marca Алматыдағы Орталық стадионда үлкен кептеліс болғанын атап өтті. Басылым дерегінше, стадионның сыйымдылығы 23 мың орын болса да, матчқа 30 мыңнан астам көрермен келген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: