СпортКеше, 9:18

«Қайрат» — «Реал Мадрид» матчы жеңіліспен аяқталды

Алматыдағы тарихи ойында “Қайрат“ “Реалдан“ жеңілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматыда өткен тарихи ойында "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасында мадридтік "Реалмен" кездесті.

Ойынның алғашқы голын 25-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден соқты. Екінші таймда ол тағы екі мәрте мергендік танытып, хет-трик жасады.

Осы аралықта "Қайратқа" берілген пенальти видеоны қайталап қарағаннан кейін жойылды.

Матч соңына қарай Эдуардо Камавинга мен Браим Диас та көзге түсіп, есепті 5:0-ге жеткізді.

футбол Реал Қайрат Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар