Қазақстандық семсерлесушілер Париж Олимпиадасында 6-орынды еншіледі
Фото: olympic.kz
olympic.kz
Спорт3 тамыз 2024, 0:29

Қазақстандық семсерлесушілер Париж Олимпиадасында 6-орынды еншіледі

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін семсерлесуден Қазақстан командасы 6-шы орынға табан тіреді. Бесінші орынға таласта қазақстандықтар Италия құрамасына есе жіберіп алды. Қос команда арасындағы кездесу 45:36 есебімен, яғни қарсыластармыздың басымдығымен аяқталды. Осылайша, отандастарымыз Париж Олимпиадасын 6-орынмен аяқтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл сында Қазақстан құрамасы сапынан Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай бақ сынады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Париж Олимпиадасындағы командалық сынның ширек финалында қазақстандықтар Венгрияға жол берген болатын.

Кейін 5-8 орынға таласу құқығын алып, алдымен Мысырды жеңді. Алайда, италиялықтардан ұтылып қалды.

Қазақстан командасының намысын Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғады. Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен - стендтік ату, академиялық есу, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, бокс және батут гимнастикасынан бақ сынауда.

Енді бір сағаттан кейін әйелдер арасында Карина Ибрагимова ширек финалға шығу үшін пуэрториколық Ашлэйн Мотта Лозадамен бокстасады. Сонымен қатар, 3 тамызға ауған түні, 00:20-да ерлер арасында қазақстандық Сәкен Бибосынов пен өзбек Хасанбой Дусматов арасындағы ширек финал жекпе-жегі өтеді.

семсерлесушілер 6-орын Париж Олимпиадасы

Тақырыпқа жаңалықтар