бейсенбі, 23 сәуір, 2026

Спорт

(Бет. 10)
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2025 жылы өтетін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының ресми кубогының фотосуретін көрсетті.Кубок 5 желтоқсанда Майамиде өтетін турнирдің жеребе тарту рәсімі кезінде көпшілікке көрсетіледі. Кубокты ФИФА Tiffany & Co зергерлік сән үйімен бірлесіп жасаған. Ол 24 карат алтынмен жалатылған және бүктелетін бірнеше дискілерден тұрады. ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатының барлық бұрынғы чемпиондары жеңістерін еске түсіретін гравюралар бар 2025 жылғы кубоктың көшірмесін жасайтынын айтты. 
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Анталия (Түркия) қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының топтық бәсекелері мәресіне жетті. В тобында соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы (1992, 1993, 1996, 2005 жылдар) Францияны ұтты. Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак бірінші ойынға Даниэль Тазабековті шығарды. Ол аттасы Даниэль Жадқа есе жіберді — 4:6, 4:6. 
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алтыншы орынға сырғыды. Әлемдік рейтингте алғашқы үштікте өзгеріс болған жоқ. Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, поляк қызы Ига Швёнтек пен Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы, америкалық Кори Гауфф екінші, үшінші орында тұр. Қорытынды жарыста финалға дейін жеткен қытайлық Чжэн Циньвэнь Е.Рыбакинаны ығыстырып, бесінші сатыға көтерілді. 
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Алматылық «Қайрат» футболдан 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. Премьер-лигасының қорытынды ХХVІ турындағы ойындардың барлығы бір уақытта басталды. Сондықтан соңғы минуттарға дейін бас жүлде тағдыры шешілген жоқ. Чемпиондық атаққа талас «Қайрат» пен «Астана» арасында өтті. Аталған турда «Қайрат» сырт алаңда «Атыраумен» кездессе, «Астана» Алматыда «Жетісуды» қабылдайды.