бейсенбі, 23 сәуір, 2026

Спорт

(Бет. 11)
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Алматы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Азия чемпионатының алғашқы ойын күні аяқталды. Құрлық додасы алғаш рет Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өткізіліп отыр. Қазақстандық хоккейшілер бірінші турда Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Кореялық хоккейшілер 20-минутта есеп ашса, оған 23-минутта Борисевич таразы басын теңестірді.
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Қазақстандық боксшы Елянұр Тұрғанова жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды. Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада 50 келіде сынға түскен Елянұр бейтарап спортшы ретінде қатысқан Карла Пикті қапы қалдырды. Ол жекпе-жек барысында жинақы қимыл көрсетті. Қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан Елянурдің жеңісіне қолдау білдірді. 
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Қазақстан боксшыларының 2024 жылы Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған медальдары үшін ақшалай сыйақысы белгілі болды. Қазақстан бокстан әлем чемпионатының медальдар есебін мерзімінен бұрын жеңіп алды. Бұл турнирде Қазақстан он жеті медаль жеңіп алды: алты алтын, бір күміс және он қола. Чемпиондар мен жүлдегерлер үшін Халықаралық бокс қауымдастығы (ХБА) келесі ақшалай марапаттарды белгіледі: алтынға – 8000 доллар, күміске – 4000 доллар, қола үшін – 2000 доллар. 
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы аустралиялық Купер Макконалмен алтын жүлдені сарапқа салды. 65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Асылхан Көшербай финалдық бәсекеде жеңіске жетуге барын салды. Тартысқа толы кездесуде отандасымыз қарсыласынан бір бас жоғары болған. Аустралиялық боксшыны нокдаунға түсіріп, бұл жекпе-жекте кімнің үздік екенін көрсетіп баққан. Алайда төрешілер күмәнді шешім қабылдап, 2:3 есебімен жеңісті К. Макконалға берді. 
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Қазақстан уақытымен 7 желтоқсаннан 8-іне қараған түні Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы, жартылай орта салмақтағы белбеудің иегері Белал Мухаммад жарақатына байланысты кездесу өтпейтінін мәлімдедіҚазақстан уақытымен 7 желтоқсаннан 8-іне қараған түні Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы, жартылай орта салмақтағы белбеудің иегері Белал Мухаммад жарақатына байланысты кездесу өтпейтінін мәлімдеді. 
Спорт
Заира Сабитова
Заира Сабитова
arbat media
Албания астанасы Тиранада олимпиадалық емес салмақтарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов алтын жүлде еншіледі. Нұрқожа Қайпанов 70 келіде біріншіліктің финалдық бәсекесінде жапон балуанынан басым түсті. Отандасымыз финалға дейінгі белдесулерінде, 1/16 финалда Митчелл Луис Файнсильверді 9:0 есебімен жеңсе, 1/8 сынында Николай Грахмезді 14:2 ұпайымен тізе бүктірді.