Қашаған кен орнында жөндеу жұмысы 3 қазанда басталады
Атырау облысында орналасқан Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмысы 3 қазанда басталады. Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қашаған мұнай кенішінің акционерлерінен жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыруды сұрады деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Жөндеу жұмысын кейінге қалдыру ішкі талқылау кезінде қарастырылған нұсқалардың бірі ғана болды. Бірақ ол қабылданбады. Министрлік Қашған кен орнындағы жөндеу жұмыстары 3 қазаннан бастап кестеге сәйкес жүргізілетінін растайды. Бұл министрліктің аналитикалық агенттіктермен телефон арқылы сөйлесуінде, сондай-ақ өткен аптада ОПЕК Бас хатшысының Астанаға сапары кезінде айтылған. Қазақстан ОПЕК+ шараларына толығымен бейілді болып қала береді. ОПЕК хатшылығына ұсынылған өндірісті ерікті түрде қысқарту және өтемақы жоспарын толығымен орындау үшін барлық шаралар қабылданады», -деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.