Placeholder
Фото: Pixabay.com
Pixabay.com
Қазақстан жаңалықтары9 тамыз 2024, 10:00

3 млрд теңге шығын. Ақтөбеде тұрғын үй кооперативінің басшысы сотталды

Ақтөбеде «Safina.kz» тұрғын үй кооперативінің төрағасына қатысты сот үкімі шықты. Күдікті 312 үлескерге 2,9 млрд теңге шығын келтірген. №2 Ақтөбе сотында Б.Т.Каримов, А.М.Жарасхановқа қатысты Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, «Safina.kz» тұрғын үй кооперативінің төрағасы Б.Т. Каримов 2019-2022 жылдары аралығында аталған тұрғын үй кешені мен «СтройСервис-Регион» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлескерлеріне төрт көпқабатты үй салуға уәде етеді. Ол 312 үлескерден барлығы 2 933 352 400 теңге жинап, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастайды. Алайда жұмысты аяғына дейін жеткізбей, заңсыз тоқтатып тастаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кейін «АктобеКазахФинанс» ЖШС-нің директоры А.М.Жарасханов Б.Т. Каримовпен келісіп, 2022-2023 жылдары аралығында «Safina.kz» тұрғын үй кешені мен «СтройСервис-Регион» тұрғын үй-құрылыс кооперативіне тиесілі 4 үйдің құрылысын аяқтауға уәде етеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сол кезде 140 үлескердің 227 058 375 теңгесі иеленді. №2 Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, А.Жарасханов екі нысанда құрылыс жүргізбей, екі нысанның жобалық-сметалық құжатынан ауытқып, 5 қабаттың орнына 6 және 7 қабатты тұрғызған. Осылайша қосымша пайда тапқан.

- Б.Т. Каримов, А.М.Жарасхановтың кінәсі үлескерлердің сөзімен, құжатымен, сот-құрылыс сараптамасымен, қаржылық құжаттамамен және нысанды салу құжатымен расталды. Б.Т. Каримов өз кінәсін мойындады, А.М.Жарасханов мойындамады. Сот үкімімен Б.Т.Каримов, А.М.Жарасханов кінәлі деп танылды. Б.Т.Каримов 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. А.М.Жарасханов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады № 2 Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ақтөбе 3 млрд теңге шығын сотталды Safina.kz

Тақырыпқа жаңалықтар