Абай облысында пациенттерге ота кезінде мерзімі өтіп кеткен наркоз салған
Фото: Pexels
Pexels
Қазақстан жаңалықтары4 тамыз 2024, 16:45

Абай облысында пациенттерге ота кезінде мерзімі өтіп кеткен наркоз салған

Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде көптеген заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, құрамында есірткі бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы секілді фактілер әшкере болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Абай облысы пациенттер мерзімі өткен наркоз

Тақырыпқа жаңалықтар