Аида Балаева: Мәселе діндарлықта емес — халықтың діни сауатсыздығында
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін мәселелері өте өзекті болып тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қыркүйек айының басында мен хиджаб кию сұрақтары бойынша түсініктеме берген едім. Мәселе халықтың діндарлығында емес, діни сауатсыздықта. Әрине, бүгінде біз дәстүрлі емес діни ағымдардың белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл бағытта министрліктің жұмысы үш бағытта жүргізіледі.
1 қаңтардан қыркүйек айының соңына дейін интернетте лаңкестік және діни экстремизм қағидаттарын насихаттауға бағытталған 14 860 материал анықталды. Бұл дегеніміз діни ағымдар жұмысының күшеюін білдіреді. Әрине, біз депутаттардың сауалын мұқият тыңдап, зерделейміз. Бұл бағытта біз «Дін туралы» Заңның жекелеген нормаларын қайта қарау үшін жұмыс істейтін боламыз», - дейді ол.