Қазақстан жаңалықтары26 шілде 2024, 4:34

Алакөл, дельтаплан: Суға құлаған азаматтардың жағдайы ауыр

Ақши ауылының маңында Алакөл көлін патрульдеу кезінде дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған екі адам аудандық аурунаға жеткізілді. 40 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккен талдықорғандық әйелдің сол жақ тізесі көгерген. Миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. Бас және бет сүйектері сынған. Ал 1980 жылы туылған азамат Іле ауданы Жетіген ауылының тумасы екені анықталды. Оның жамбас сүйегі сынып, басынан қатты соққы алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгінде қос азамат Алакөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысы Ақши ауылының маңындағы Алакөл көлін патрульдеп жүрген қызметкерлер суға құлағаны жайлы жазған едік.

Алакөл дельтаплан жаңдайы ауыр Апат
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
24 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар