Қазақстан жаңалықтары25 шілде 2024, 21:37

Алакөлде дельтаплан құлады: Комитет арнайы тергеу жүргізеді

Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам зардап шеккен болатын. Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр» деп хабарлады комитеттен.

Ведомство сондай-ақ осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.

 

Алакөл дельтаплан Апат арнайы тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар