Қазақстан жаңалықтары10 қараша 2023, 20:26

Алматы әкімдігі 9 көше кітапханасын ашты

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін 9 көше кітапханасы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы әкімдігі 9 көше кітапханасының орналасқан мекенжайын жария етті.

Олар: 

1. 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында;

2. Толстой мен Шолохов көшелерінің қиылысындағы скверде;

3. «Қарағайлы» скверінде;

4. Мұқағалаи Мақатаев атындағы скверде;

5. М. Ганди атындағы саябақта;

6. Ұлттық кітапхана аумағында;

7. Тұңғыш Президент қорының саябағында (қаланың әр аумағында екі кітапхана);

8. Наурызбай ауданы әкімі аппаратының әкімшілік кешенінің аумағында орналасқан.

Аталған кітапханалардың ішінде қала тұрғындары үшін қысқы мезгілде үш кітапхана:  

1. Тұңғыш Президент қорының саябағында (қаланың әр аумағында екі кітапхана);

2. Ұлттық кітапхана аумағында;

3. Толстой мен Шолохов көшелерінің қиылысындағы скверде орналасқан кітапхана жұмыс істейді. 

Алматы әкімдігі көше кітапханасы мекенжай

Тақырыпқа жаңалықтар