Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 14:09

Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген

Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов облыста су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар атқарылғанын айтып берді. лматы облысында 310 гидротехникалық құрылыс бар. Атап айтқанда, «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» сияқты су қоймалары бар. Бүгінде су толтыру режимдері штатты түрде жүргізілуде. Толтыру көрсеткіштері 44 пайыздан 99 пайызға дейін жетеді. Барлығы бақылауда. жыл басынан бастап көктемге дейін елді мекендерден 3,7 мың м3 қар шығарылды. Одан бөлек, автожолдар астындағы 157 су өткізу құбыры, темір жолдар астындағы 7 құбыр, 347 шақырым арық желісі, 156,9 шақырым арна және 82,1 шақырым су бұру каналдары тазартылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, елдімекендер мен жолдарды және басқа нысандарды су басу жағдайы болған жоқ. Өзен арналары тұрақты транизттік режимде жүріп жатыр. Жауын-шашынның көптігіне байланысты Алматы облысында жалпы көктемгі су тасу кезінде тек қана 35 үйдің ауласына су кірді. Бірақ жұмыстар дер кезінде жүргізіліп, суды тұрғын үйлер ауласынан шығардық. 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі өткен жылғы комиссия отырысында талқыланған болатын. Жұмыстар дер кезінде атқарылып, биыл су тасқыны кезеңінде ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Тек қана Алматы облысы бойынша Іле ауданында Ворошилов су қоймасының ағытылуы тіркелді. Жедел облыстық штаб жиналысы өтіп, қауіптің алдын алып, су қоймасы маңындағы ауылдардан су шығару жұмыстары толығымен атқарылды. Әскери бөлімдер, ауыл тұрғындары және еріктілер уақытылы жұмыс істеп, жағалауды бекітуінің арқасында бірде-бір үйге су кірген жоқ. Биылға облыс әкімдігінің резервінде 2 млрд 16 млн теңге қарастырылған. Аумақтық ТЖ департаментіне алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 110,6 млн теңге бөлінген. Су тасқыны жағдайы асқынған жағдайда 1326 адам, 471 техника, 126 мотопомпа, 29 жүзу құралдары, 35 460 қапшық қарастырылған облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдар топтамасы дайын. Сонымен қатар, облыста су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету үшін «Күшіміз-бірлікте» волонтерлар штабы құрылды. Батыс Қазақстан облысына 130 тонна гумманитарлық көмек жинақталып, жөнелтілді. Көмектің басым бөлігі - күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, сондай-ақ тұрмыстық техника», - деді Н. Құдайбергенов.», - деді Н. Құдайбергенов.

 

 

«

Алматы облысы Нұржан Құдайбергенов су бұру каналдары есеп

Тақырыпқа жаңалықтар