Placeholder Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін пышақтап кеткен
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары2 қазан 2024, 15:34

Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін пышақтап кеткен

Әлеуметтік желіде Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері төбелесіп, пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат пайда болды. Желіде оқиғаның видеосы тарап жүр. Бірақ видеода төбелес болған сәт көрінбейді, тек бір топ жігіттердің көліктің артына жиналып, кейін олардың тез кетіп қалғанын байқауға болады. Әлеуметтік желідегі басылымдардың хабарлауынша, дзюдошы Дамир Исаханов жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, аман қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаны растады.

«Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауына алынды», делінген хабарламада.

Алматы дзюдошы чемпион Пышақтау

Тақырыпқа жаңалықтар