Placeholder
Фото: видеодан скрин
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары19 тамыз 2024, 15:58

Алматыдағы әуесқой лигасында ойыншылар төрешіні соққыға жыққан

Алматыда футболдан әуесқой J лига ойыны кезінде жанжал шықты. Pioneer мен Eric-Son командалары кездесуінде ойыншылар төрешіні соққыға жыққан. Матчтың 80 минутында бас төреші Pioneer командасының ойыншысына қызыл қағаз көрсеткен. Шешіммен келіспеген футболшы төрешіге бірнеше рет соққы жасады. Артынша бұл оқиға үлкен жанжалға ұласып, команданың бірнеше өкілі алаңнан кеткен төрешіні соққыға шыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.

J лига бұл оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады, - деп жазады агенттігі.

– Ойынның ресми өкіліне топтық шабуыл жасағаны үшін Pioneer командасы турнирге қатысушылар қатарынан шығарылады. Pioneer командасының ойыншылары Айдос Абдиев Айдос, Әлихан Тілеков және Талип Тілеуберді OFL-J-LIGA қолдауымен өтетін барлық турнирден өмір бойына шеттетіледі, - деп хабарлады лиганың баспасөз қызметі.

Алматы әуесқой лига ойыншылар төбеле

Тақырыпқа жаңалықтар