Қазақстан жаңалықтары15 шілде 2024, 14:26

Ақмола облысы: Жүк көлігі жол шетінде жеңіл көлікті мыжып өтті

Ақмола облысында жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам жарақат алды.Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шілденің 13-де «Астана-Петропавл» тас жолының бойында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Foton» және «Nissan» көлік құралдарының соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы жарақат алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді ведомстводан.

Осы ретте, тәріп сақшылары автокөлік жүргізушілерін жолдарда өте мұқият болуға және жол жиегінде тұрған кез келген көлік құралы қауіптің ықтимал көзі болып табылатынын ұмытпауға шақырады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

 

Ақмола облысы жүк көлігі жеңіл көлік оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар