Ақмола облысында ерекше артефакт табылды
Фото: Ақмола облысы ТЖД
Egemen.kz
Қазақстан жаңалықтары20 шілде 2024, 12:23

Ақмола облысында ерекше артефакт табылды

Тарихи дүниені Ақмола облысы Сандықтау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Орман» профилактикалық іс-шарасы кезінде тапты. Құтқарушылар орманда адамның бейнесі қашалған ерекше тас тапқан. Олар бірден табылған зат туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен тарихи-өлкетану мұражайына хабарлаған. Бұдан соң бұл артефактіге астаналық ғалымдардан бөлек шетелдік ғалымдардың да қызығушылық тудырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әзірге ежелгі мүсіншінің жұмысы қай дәуірге жататыны белгісіз. Ғалымдар түрлі пікір айтып жатыр. Біреулер бұл тасты қола дәуіріне, енді біреулер оны кейінгі түркі дәуіріне жатқызады. Кей ғалымдардың айтуынша, бұл тастың Сібірден табылған олжалармен ұқсастықтары бар.

Ақмола облысында табылған бұл көне артефакт тарихи құнды дүние деп бағаланып, мемлекеттік қорғауға алынды.

Ақмола облысы артефакт

Тақырыпқа жаңалықтар