Қазақстан жаңалықтары26 қазан 2023, 13:00

Ақмолалық диқандар егін орағын толық аяқтады

Ақмолалық диқандар егін орағын толық аяқтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өңір диқандары өнімділік төмен болғанына қарамастан 3 млн тоннадан астам астық жинады.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, ақмолалық шаруалар үшін биылғы жыл оңай болған жоқ.

Көктемдегі ылғалдың аздығы, жаздағы құрғашылық және тамыз-қыркүйек айларындағы жауын-шашын егіннің бітік шығуына біраз кедергі келтірді.

Одан қалды, кейіктер шауып біраз егін тапталды.

Әсіресе, егін орағы кезіндегі жаңбырдан залал көп келді, 2 млн 945 мың гектардың егіні көктеп кетті.

Сол үшін үкімет тарапынан 20 мың тонна жанар-жағармай және 1 мың тонна газ бөлінді.

Осы қиындықтарға қарамастан шаруалар егін орағы науқанын уақтылы аяқтап, бар алтын астықты шашпай-төкпей жинап алды.

Облыс бойынша орташа гектар берекесі 6,4 центнерден айналды.

 

Ақмола ооблысы диқандар егіс астық

Тақырыпқа жаңалықтар