Қазақстан жаңалықтары13 мамыр 2024, 13:34

Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті опырылып, бала жазым бола жаздады: видео

Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті опырылып, бала жазым бола жаздады. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tengrinews.k жариялады.

Оқиғаның видеосы редакцияның WhatsApp-нөміріне келді. Видео түсіндірмесінде қаптама кірпіш дүкеннің әйнек шатырына құлағаны айтылған.

"Үй әлі кепілдікте, бірақ сапасыз құрылысқа қатысты мәселелер жеткілікті. Бала өтіп бара жатты немесе шығып келе жатқан болса керек. Қыста пәтерлеріміздегі су қатып қалады, құрылыс салушыға бірлесіп жүгіндік, бірақ ешқандай шара қолданылмады. Жалпы проблемасы көп тұрғын үй кешені", — деп жазды куәгер.

Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне 2013 жылы туған бала түскен. Ол басының самай бөлігінде жарақаттар алғанын айтып шағымданған.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қарап тексергенде контузия нүктелі жаралар анықталған. Жалпы баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бала хирургтың амбулаторлық бақылауына жіберіліп, тиісті ем-шара жасалған.

 

 

тұрғын үй кешені Астана Оқыс оқиға Бала

Тақырыпқа жаңалықтар