Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары30 тамыз 2024, 15:00

Астанада жүкті әйелдің жүрегі бір сағатта үш рет тоқтап тірі қалды

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дәрігерлер реанимация бөлімшесінде ӨЖЖ аппаратына қосылған науқастың өмірі үшін 3 апта бойы күрескен. «Ауруханаға түскен күннен бастап бір апта өткен соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. 1 ай бойы медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасында науқас тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді», дейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аурухананың барлық қызметкеріне алғыс білдірген Анастасия: «Олар менің баламды құтқарып, о дүниеден алып шықты», деді.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінгі күні науқастың жағдайы жақсы екенін атап өтті.

Астана Жүкті әйел жүрек реанимация

Тақырыпқа жаңалықтар