Қазақстан жаңалықтары1 шілде 2024, 15:27

Атырау облысының шекарасы кеңейтіледі

«Ашық НҚА» заң жобаларын жария талқылау порталында Атырау облысының аумақтық шекарасын кеңейтуді көздейтін Премьер-министрдің қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3954015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін», делінген құжатта.

Олжас Бектенов Атырау облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды тапсырды.

Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін көпшілік талқысына ұсынылады.

Атырау облысы шекара кеңейтілу

Тақырыпқа жаңалықтар