Қазақстан жаңалықтары12 мамыр 2024, 10:23

Әзірбайжан СІМ Қазақстанға бейбітшілік процесін ілгерілетудегі қолдауы үшін алғыс айтты

10 мамыр күні Алматыда Әзірбайжан мен Армения республикасының сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян жұмыс сапары барысында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірдегі ағымдағы ахуал бойынша пікір алмасты.Әзербайжан тарапы Әзірбайжанның Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен соңғы кезде кеңейіп келе жатқан қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сондай -ақ экономика, сауда, инвестиция, энергетикалық қауіпсіздік, көлік және коммуникация салалары бойынша екіжақты әріптестікпен қатар өңірлік және халықаралық платформалардағы, атап айтқанда түркі мемлекеттерінің ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың кең келешегі бар екені атап өтілді.

«Қазіргі жағдай туралы айта келе, министр Джейхун Байрамов қазақстандық тарапқа Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік процесін ілгерілету бағытындағы қолдауы мен белсенділігі үшін алғысын айтты. Бүгінгі келіссөздер осы процеске өз үлесін қосатынына сенім білдірілді», - делінген Әзербайжан СІМ мәлімдемесінде.

Екі елдің сыртқы істер министрлері өзара мүдделі басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.Бұған дейін Әзірбайжан мен Армения республикасының сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз аяқталғаны туралы жазған едік.

 

 

Джейхун Байрамов Арарат Мирзоян Қазақстан Кездесу

Тақырыпқа жаңалықтар