Қазақстан жаңалықтары11 сәуір 2024, 14:36

Бишімбаевты ұстау кезінде полицейлер талап бұзды ма – видео тексеріледі

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде полицейлердің күдіктінің қолынан кісенді шешіп, темекі тартуға рұқсат беру әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Айта кетейік, осыған дейін ғаламтор желісінде Бишімбаевты ұстауға қатысқан полицейдің бейне түсірілім жасаған жетонының видеосы тараған еді. Осы видеода күдіктінің полицей көлігінің жанында темекі тартып тұрғаны түсірілген.

«Жетондағы бұл бейнені көрген жоқпын. Видеодағы деректерді зерттеп көрейік. Олар оған темекі тартуға рұқсат бермеуі керек еді, бірақ олар кісенді шеше алады. Яғни, күдіктіні жеткізудің тиісті талаптары бар. Мәселен, көлікке дейін жүрген кезде ол кісенде болуы керек. Ал полицей көлігіне отырғанда, қолынан кісенді шешуге рұқсат етіледі», - деді И. Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл әрекеттер полицейлерді азаптады деп айыптамауы үшін жасалады.

«Кісенді шешуге қатысты талапты бұзу іс-қимылын көріп тұрған жоқпын. Темекі тарту дерегіне тоқталсақ, бұл жағдайды тексеру керек. Барлық әрекеттерімізді бағалайтын тиісті бөлімшеміз бар. Сол бөлімшенің басшысына осы деректі тексеру жөнінде нұсқау беремін», - деді министрдің орынбасары.

Бишімбаев полицейлер талап бұзылу Тексеру

Тақырыпқа жаңалықтар