Қазақстан жаңалықтары20 маусым 2024, 15:00

«Болашақ» түлегіне қатысты мәселе шешімін тапты

Отандасымыз Валерия Гавриленко «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияға оқуға кетіп, содан қайтпай қалған. Ол кепілге қойған мүлкін шығарып алғаннан кейін Халықаралық бағдарламалар орталығы оқудың ақшасын, нақты айтқанда 30 млн теңге мемлекет қаржысын гарант болған үшінші тарап, яғни кепілгерлерден талап еткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Құрметті әріптестер, бүгінгі видеоүндеуде мен, Мақпал Дәрібаева және әріптесім Наталья Воробьева, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығындағы резонансты оқиға бейбіт жолмен өз шешімін тапқанын айтқымыз келеді. Өздеріңіз білетіндей, апелляциялық соттың шешімімен бізге медиацияға 2 апта уақыт берілген еді. Осы уақыт аралығында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлы мен «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әлия Қалқаманқызының жылдам әрекет етуімен, Валерия Гавриленко кепілдікке қайта пәтер қойып, оқуға кеткен шығынның барлығын өзі өтейтінін мойындап, келісімшартқа қол қойған», - дейді видеоүндеуде Мақпал Дәрібаева, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сондай-ақ, кепілгер қолдау танытқан жандарға алғысын айтты.

«Түйіткілді мәселе шешімін тапқанша, өз назарында ұстаған министр Саясат Нұрбекұлына, әрдайым бізбен байланыста болған Әлия Қалқаманқызына алғыс айтамыз. Әрине құрметті әріптестер, сіздердің ақпараттық қолдауларыңыздың арқасында бұл мәселеге нүкте қойылып, бейбіт жолмен шешімі табылды. Қазіргі таңда, біздің тарапымыздан «Болашақ» орталығына және де «Болашақтың» тарапынан бізге ешқандай шағым жоқ», - деді ол.

 

Валерия Гавриленко Болашақ шешімін тапты Мақпал Дәрібаева

Тақырыпқа жаңалықтар