ДСМ қарақұрттың қаупі туралы ескертті
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары7 тамыз 2024, 11:00

ДСМ қарақұрттың қаупі туралы ескертті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өрмекшілердің маусымдық белсенділігіне байланысты (шілдеден қыркүйекке дейін) қарақұрт шағуының алдын алу шараларын еске салады. Қарақұрттардың және басқа да улы өрмекшілердің шағуын болдырмау үшін: қорғаныс киімін кию, яғни қарақұрт мекендейтін жерлерде ұзын шалбар мен жабық аяқ киім (жануарларды ұстау орындары және т.б.), киім мен аяқ киімді киер алдында, әсіресе сыртта болғаннан кейін тексеру, қорғаныс құралдарын (инсектицидтер) қолдану, тазалық сақтау, қоқысты уақтылы тазалау, учаскені және қосалқы ғимараттарды үнемі тексеріп отыру, өрмекшіні қолмен ұстамау, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қарақұрт шаққаннан кейінгі белгілер: қарақұрт шаққаннан кейін 10-15 минуттан кейін бүкіл денеге таралатын қатты, айқын ауырсыну пайда болады. Интоксикация белгілері жоғарылайды: жүрек соғысы, ентігу, бас ауруы, жүрек айну, құсу, беттің қызаруы, тершеңдік.

Қарақұрт шағып алған жағдайда дереу жақын жердегі медициналық ұйымға медициналық көмекке жүгіну қажет.

Қзір дамдарды қарақұрттың шағу Шымкент қаласында және Атырау облысында тіркелген, шағып алған адамдар тиісті медициналық көмек алды. Жергілікті атқарушы органдар профилактикалық дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу жөнінде шаралар қабылдауда.

Анықтама: қарақұрт – әлемдегі ең қауіпті деп саналатын өрмекші. Қарақұрттың уы – токсальбумин. Ол нейротоксикалық, лимфа жүйесі арқылы тез таралады. Бұл шылдыр жыланның уынан 15 есе улы.

 

 

Қарақұрт қорғану ескерту ДСМ

Тақырыпқа жаңалықтар