Қазақстан жаңалықтары22 шілде 2024, 15:34

Е-Otinish платформасынан тағы да ақау шықты

Қазақстанда «Е-Otinish» электрондық өтініштер сайтының қызметінде ақау пайда болды. Қазіргі уақытта сайттың жұмысын қалыпқа келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сервистің істен шығуы туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

– Біздің техниктер сайттағы ақаудың себебін анықтап жатыр, - деді баспасөз қызметі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетейік, бір ай бұрын ғана электронды өтініштер сайты техникалық ақауларға байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан еді.

Е-Otinish ақау электрондық өтініштер

Тақырыпқа жаңалықтар