Екібастұзда ғимаратты бұзып жатқан кран аударылды
Екібастұзда ескі қонақүй ғимаратын бұзып жатқан кран жүк салмағын көтере алмай, тұмсығымен аспанға шаншылып қалды. Жүргізуші көліктен уақытында шығып үлгерген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ескі «Екібастұз» қонақүйінің қабырғасын бұзу жұмыстары кезінде жүк көтергіш кран аударылып қалды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Құтқарушылар жазатайым оқиға болған жерге уақытында жетті. Бірақ олардың көмегі қажет болмады. Жүргізуші краннан секіріп үлгерген, зардап шекпеген. Құрылыста жүрген өзге адамдар да аман», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Ал Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1997 жылғы кран жүргізушісі жедел жәрдем машинасымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді. Дәрігерлер жігіттің табаны жарақаттанғанын анықтаған. Ер азамат амбулаторлық ем қабылдау үшін үйіне жіберілді.