Экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттері қылмыс санатынан алынды
Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және ҚР-ның заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды және ілеспе құжатты мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Сенатор Амангелді Толамисовтің айтуынша, заңдар:
- Қылмыстық кодекстің бизнес мүдделерін қозғайтын төрт бабын (Қылмыстық кодекстің 219, 234, 236 және 241-баптары) толық және ішінара
қылмыссыздандыруды;
- Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 551-бабында жауапкершілікті көздей отырып, ірі мөлшерде құқық бұзушылықтар жасаудың саралау белгілерін қылмыстық сипаттан арылта отырып, Қылмыстық кодекстің 234 және 236 баптарында қылмыстық жауаптылықтың басталу шегін көтеруді көздейді.
«Тұтастай алғанда, заңдар Мемлекет басшысының экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажеттігі туралы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмасын орындауға және тиісінше елімізде қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру мақсатында экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар бойынша жауапкершілікке тартудың әділ құқықтық тетіктерін айқындауға бағытталған», - деді ол.