Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары7 тамыз 2024, 16:00

Елімізде 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады

Жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады, оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бүгінгі таңда мектептердің 90% оқулықпен қамтылған. Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары да жалғасып жатыр. 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты. 

«Балаларды оқу құралдарымен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында 22,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Ол 510 мың баланы мектепке дайындықпен қамтуға жұмсалады», деді Ғ.Бейсембаев.

 

 

1,7 млн оқушы Мектеп Тамақтану тегін

Тақырыпқа жаңалықтар