Қазақстан жаңалықтары1 маусым 2024, 17:00

Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғалымдармен кездесуінде айтты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтау саласы төңірегінде сөз қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Медицина, фармацевтика, биотехнология саласындағы ғалымдарымыздың әлеуеті өте жоғары. Елімізде сұранысқа ие препараттардың баламасын, вакциналарды және басқа да медициналық өнімдерді өндіруге қабілетті ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеп жатыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, халықты отандық медициналық бұйымдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейін кезең-кезеңімен көтеру маңызды. Осы салада халықаралық деңгейдегі жетекші компаниялармен қарым-қатынас орнатылып жатыр.

«Отандық денсаулық сақтау саласының дамуы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығынан көрінеді. Қазақстанда бұл меже 75 жастан асты. Бірақ осы көрсеткіш бойынша әлемдегі жетекші елдерден ондаған жылға артта қалып қойдық. Бұл – біз ұмтылатын мақсаттың бірі», деп қосты Мемлекет басшысы.

 

өмір сүру ұзақтығы Қазақстан 75 жас

Тақырыпқа жаңалықтар