Placeholder
Фото: Canva
Canva
Қазақстан жаңалықтары1 қазан 2024, 9:23

Есірткі таратумен айналысқан екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасора»жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады. Жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді

«Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — делінген хабарламада.

Атырау Күдікті Есірткі

Тақырыпқа жаңалықтар