Placeholder
Фото: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
«Qazaqstan»
Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 12:00

«Кабирхан» қатысқан ат бәйгесінің режиссері Көшпенділер ойынына келді

Британдық режиссер Джонатан Эдвардс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шақыруымен Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына келді. Әлемдік деңгейдегі ат жарыстары мен спорттық шаралардың режиссері 13 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бәйгенің трансляциясына режиссерлік етеді. Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірлім тобымен бірге «Қазанат» ипподромында болып, Корпорацияның техникалық мүмкіндіктерімен танысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы хабарлады.

Джонатан Эдвардс – 20 жылдан астам тәжірибесі бар спорт режиссері. Регби, бадминтон, триатлон, авто, мотоспорт, гольф, хоккей және ат спортынан халықаралық жарыстарға, оның ішінде қазақстандық сәйгүлік «Кабирхан» қатысқан Дубайдағы «Al Maktoum Challenge» турниріне режиисерлік еткен.

Көшпенділер ойындары аясындағы ат жарысы «Qazsport» телеарнасынан 13 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 09.00-ден бастап көрсетіледі.

Тікелей эфир трансляциясы арнаның You Tube, Facebook, Tik-Tok желісіндегі парақшалары арқылы таратылады.

«Кабирхан» көшпенділер ойыны Британдық режиссер Джонатан Эдвардс

Тақырыпқа жаңалықтар