Placeholder
Фото: АШМ
ASHM
Қазақстан жаңалықтары20 тамыз 2024, 16:07

Каспий жағалауындағы 50 га жер мемлекетке қайтарылды

Келіп түскен өтініш негізінде Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде мұнай терминалының құрылысын салу және орналастыруға арналған жалпы ауданы 50,0 гектар жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай келгені анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Кадастрлық (бағалау) құны — 445 млн теңгені құрайтын жер учаскесі Каспий теңізінің жағалауындағы Қарақия ауданында орналасқан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жер учаскесінің меншік иесіне жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жыл аяқталғаннан кейін нұсқама талаптарын орындамағаны үшін серіктестікке 345 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды», — деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Сонымен қатар департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызы сотпен қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді.

50 га жер мемлекет Каспий жағалауы

Тақырыпқа жаңалықтар