Кіші және үлкен Алматы өзендерінде су деңгейі көтеріледі
Алматы тауларында сел қаупі жоғары. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті, - деп хабарлайды Arbat.media.
18 тамыз күні жаңбыр жауып, ауа температурасының көтерілуіне байланысты, Кіші және Үлкен Алматы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Алматы қаласында және оған іргелес таулы аймақта су тасықыны болуы мүмкін, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес, Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты өзен, көлдерде су көтерілуі мүмкін», - деп ескертті департамент өкілдері.
Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылауды күшейтілген режимге ауыстырып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Сел қаупі бар жерде не істеу керек:
- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
- сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.