Көкшетаудың жылу құбырында тағы апат болды
Көкшетаудың жылу құбырында апат болды. Қазіргі кезде қаланың коммуналдық қызметтері жылу жүйесіндегі апатты жою жұмыстарымен айналысып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Жылу желілерін жоспарлы тексеру кезінде «Капитал» тұрғын үйі кешенінің жанында жерасты құбырының ақауы анықталды. Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметкерлері осы ақауды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Оған коммуналдық қызметтен 20 адам және 7 техника жұмылдырылды. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!», - деп көрсетілген қалалық әкімдіктің ресми мәліметінде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: