Placeholder
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 21:04

Көшпенділер ойыны: Көк бөріден жолдама алған командалар белгілі болды

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден ақтық сынға жолдама алған командалар белгілі болды. «Қазанат» ипподромында 4 елдің шабандоздары додаға түсіп, нәтижесінде Қазақстан көк бөрі командасымен Қырғызстан көк бөрі командасы ертеңгі өтетін финалдық бәсекеге жолдама алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әуелі, қазақстандық шабандоздар Түркияның көк бөрі командасын 15:1 есебімен ұтты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Келесі сайыс Қырғызстан мен Ресей командаларының арасында өткен еді. Тартыс 11:6 есебімен аяқталып, қырғызстандық шабандоздардың пайдасына шешілді. Қос команда ертең алтын жүлде үшін таласқа түседі. 

«Бүгінгі ойын сәтті әрі нәтижелі өтті. Біз іріктеуден өткен, дайын қарсыластармен бетпе-бет келдік. Ойын әділ болды. Ертең финалда қырғыздармен жеңіс үшін күресеміз.», - дейді Қазақстан құрамасының шабандозы Сәмет Нұрбек.

йта кетейік, Қазақстан командасы көк бөрінің іріктеу кезеңінде АҚШ-ты 18:0 есебімен ұтқан болатын.

 

көшпенділер ойыны Көк бөрі жолдама командалар

Тақырыпқа жаңалықтар