Placeholder
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары8 қыркүйек 2024, 10:23

Көшпенділер ойыны: Жамбы атудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні жамбы атудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады деп күтілуде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

ЖАМБЫ АТУ(Этноауыл)08.09.2024 г.09:00 – 09:40 - 1 топ09:50 – 10:30 - 2 топ10:40 – 11:20 - 3 топ11:30 – 12:10 - 4 топ12:20 – 13:00 - 5 топ13:10 – 13:50 - 6 топ14:00 – 14:40 - 7 топ14:50 – 15:30 - 8 топ15:40 – 16:20 - 9 топ16:30 – 17:10 - 10 топ17:20 – 18:00 - 11 топ

19:00 – 20:00 Марапаттау рәсімі

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі 8 қыркүйек күні Астана уақытмен 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

көшпенділер ойыны жамбы ату жеңімпаздар

Тақырыпқа жаңалықтар