Қазақстан жаңалықтары5 шілде 2024, 12:00

Магистратураға түсетіндер өтініші 8 шілдеге дейін қабылданады

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуші талапкерлерге хабарландыру жариялады. Орталықтың мәліметінше, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілде сағат 23:59-да аяқталады. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Тіркелу барысында тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз. База жабылған соң тестілеу орнын ауыстыру мүмкін емес» деп ескертеді орталықтан.

Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 шілде талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

магистратура өтініш 8 шілдеге дейін

Тақырыпқа жаңалықтар