Қазақстан жаңалықтары16 шілде 2024, 9:00

Маңғыстауда заңсыз берілген 3,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру кезінде, Қарақия ауданының «Коса Ада» аумағында орналасқан ауданы 3 457 гектар жер учаскесінің заңсыз берілгенін анықтады. Жер учаскесінің кадастрлық құны - 3,1 млрд теңгені құрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жер учаскесі жер комиссиясының қарауынсыз және жерге орналастыру жобасын жасамай ресімделген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жер Кодексінің 43-бабының нормаларын бұза отырып, жеке меншікке берілгені белгілі болды.

Осыған сәйкес, жер ресурстарын басқару комитетінің өкілдері өз өкілеттіктері шеңберінде Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген.

Сот шешімімен талаптар толығымен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Маңғыстау Жер 3,5 мың гектар мемлекетке қайтарылды

Тақырыпқа жаңалықтар