Қазақстан жаңалықтары30 сәуір 2024, 12:58

Мектепте 7 жыл бойы заңсыз жалақы мен сыйақы беріліп келген

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады. Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді. Үкім заңды күшіне енді»,-делінген хабарламада.

Астана Мектеп заңсыз жалақы заңсыз сыйақы

Тақырыпқа жаңалықтар