Placeholder Оқушылар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары14 қазан 2024, 18:00

Оқушылар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады

Елордада Республикалық тарих олимпидасының ақтық мәресі өтіп жатыр. Ziyatker жастар ұйымы ұйымдастырған білімділер байқауында топ жарғандар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады. Республикалық олипиадаға еліміздің барлық өңірінен 8-12 сыныптың 1 000-нан астам оқушысы қатысқан болатын. Екі кезеңнен кейін үздік 30 оқушы ақтық сынға шығып отыр. Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, білім сайысы тарихқа әуес таланатты оқушыларды қолдау, сонымен қатар халықаралық олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасын жасақтау үшін өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жастарымыздың болашағы өте зор. Бізде түрлі бағытта өз-өзін дамытып, республикалық, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларда таң қаларлық нәтижелерге қол жеткізіп жүрген ақылды балалар бар. Оларға қолдау көрсету, қоғам, сонымен қатар мемлекет тарапынан ынталандыру болуы тиіс. Өйткені, олардың еліміздің зияткерлік негізі», - деді олимпиада ұйымдастырушысы Аянат Жамбылова.

Лондондағы Халықаралық тарих олимпиадасы түрлі елдің оқушылары арасында тәжірибе алмасу үшін маңызды платформа болмақ. Осы сайыс Қазақстан оқушылары да жоғары білім мен дағдыларын көрсете алады. Әлемдік өркениеттер тарихына, Қазақстанның халықаралық аренадағы рөліне, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге ерекше назар аударылады.

«Тарих – бұл өткенің туралы ғылым ғана емес, сонымен бірге қазіргі мен болашақты түсіну құралы», - деді ол.

Оқушыларэ Лондон Халықаралық тарих олимпиадасы 2025 жыл

Тақырыпқа жаңалықтар