Қазақстан жаңалықтары16 маусым 2024, 17:13

Оралда базардағы жарылыс: бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Оралда «Ел ырысы» базарында болған газ баллоны жарылуы салдарынан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға орнына 5 медициналық жедел жәрдем бригадасы барды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Барлығы он адам зардап шексе, соның екеуі - ұл бала. Екі ересек адам медициналық көмектен бас тартты. Қазіргі уақытта пациенттердің ішінде 1 ересек адам жансақтау бөлімшесінде. Төртеуі травматология бөлімшесінде, тағы біреуіне амбулаториялық ем тағайындалып, үйіне жіберілді. Екі жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Олардың барлығы да дәрігерлердің тексерілуінен тиісті ем алуда», деп хабарлады ведомстводан.

орал Базар Жарылыс жансақтау бөлімі

Тақырыпқа жаңалықтар